«Шерзатпен бірге өліп қалдым»: Шерзаттың әжесі сотта көз жасын тия алмады

Талдықорғанда 16 жасар Шерзаттың өліміне қатысты кешеден бері өтіп жатқан сот отырысы бүгін жалғасын тапты. Әуелі Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадырова жауап берді. Ол оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын баяндап берді.
Бұл туралы Orda.kz тілшісі сот орнынан тікелей ақпарат таратып отыр.
Жәбірленуші Махмед Ахмедов Қытай Халық Республикасында оқып жатқанына қатысты адвокаты сөйлейтін болды. Тараптар бұған еш қарсылық көрсетпеді. Сонымен ең бірінші болып сот Жұмабике Қадыровадан жауап алуды бастады.
Жұмабике Қадырова сот залында болған оқиғаны егжей-тегжейіне дейін баяндап, көз жасына ерік берді.
«Сағат кешкі 23:00 де үйге жұмыстан келдім, сол кезде келінім мен балам хабарласып Шерзат біреуді ұрып қойды деп айтты. Біз мұны естт сала дүкенге бардық. Арада он-он бес минут өтті. Барсам, топ болып балалар жиналып тұр екен. Бара сала Қаржаубайды да Нұрқанатты да іздеген жоқпын бірден Шерзатты іздей бастадым. Мен ажыратуға барғанда Абзал деген жігіт мені бар күшпен итеріп жіберді. Оның Абзал екенін кейін Нұрқанат айтты. Менің немеремді өлтірген адамдарды да олардың қорғаушыларына да қарау маған оңай емес», — деді Шерзаттың әжесі.
Жәбірленуші әйелдің сөзінше, оқиға орнына жеткен кезде ұлына бәрі жабылып жатқанын көрген.
«Содан айналама қарасам, балама барлығы жабылып жатыр екен. Сол жерде Шерзатты ұрмаған бірде-бір бала қалмады, барлығы ұрып шықты. Мен Шерзат біреуді ұрып қойды дегенге дүкенге солардан балам үшін кешірім сұрауға жүгіріп бардым. Олар сол жерге үш машина болып келді», — деді Жұмабике Қадырова.
Мемлекеттік айыптаушы жәбірленушінің келінінің әрекеті туралы сұрады. Жәбірленуші былай деп жауап берді:
«Келінім сол жерде Шерзатқа араша түсуге барған, бірақ оны екі жігіт қолынан ұстап жібермей қойды. Шерзатқа жібермеді. Ол жерде нақты қанша адам болғанын айта алмаймын, бірақ олар үш көлікпен келген. Олар сол жерден кетерінде “Шерзат пен Нұрқанатты өлтірдік” деп кетті. Мен олардың қолдарынан пышақ көрдім. Қарасам, Қаржаубайды да екі бала бетінен ұрып жатыр екен. Ол жерде кемінде он бес адам болды. Олар істерін істеп болған соң, бәрі көліктерге тығылысып, мініп кетіп қалды. Шерзат пен Нұрқанат сол жерде сұлқ түсіп жатты. Менің ақырында олардың жанына баратын да күш-қуатым қалмады», — деді Жұмабике Қадырова.
Қадырова сотта солармен бірге келген екі қыз туралы да айтып берді.
«Сол жігіттермен бірге екі қыз келді. Төбелес болған кезде маған сол екі қыз “жедел жәрдем шақырыңыз” деп айтып жатты. Бірақ төбелес біткен соң, әлгі қыздарды сол жігіттер қолдарынан сүйреп, көлікке салып алып кетті», – деді ол.
Отырысқа қатысқан марқұмның әжесі сот барысында өз эмоциясын ұстай алмады.
«Мен Шерзат өлгенде, есімді біразға дейін жия алмадым. Өзімді сол кездері баламмен бірге өлгендей сезіндім. Өйткені мен он алты жыл Шерзатпен бірге ұйықтап, тұрып, өмір сүрдім», — деді ол.
Тағы бір куәгердің айтуынша, оқиға орнында ешкім жедел жәрдем шақырмаған.
«Махмет Ахметтің басынан жарақат алғанын көрдім. Ал Нұрқанаттың аяғына екі-үш рет пышақ салынды. Менің ұлым Қаржаубай 16 жастағы күдіктіге кешірім бергенін айтты. Бірақ менің де ұлым көз жұмды. Айтарым — бәрі Құдай алдында жауап береді. Ал ақ-қарасын сот шешсін дегім келеді», — деді Қадырова.
Сот отырысында айыпталушылардың бұрын істі болғаны белгілі болды. Қаза тапқан тараптың сөзінше, олар бұрынғы қылмыстары үшін тиісті жазасын алғанда, бұл қанды оқиға болмас еді.
«Егер оларды бұрын бес жылға түрмеге жапқанда, көшеде еркін жүріп, адамдарға зиян келтірмес еді», — деді ол.
Айыпталушылардың қорғаушысы сотта марқұм Шерзаттың әжесінен Абзал Шынасылды көрсетуін сұрағанда, залда аз уақыт шу болды.
«Керек болса, айыпталушылар отырған жерге кіріп, көрсетейін!», — деп жауап берді Шерзаттың әжесі.
Сонымен қатар, Абзал Шынасылдың қорғаушысы Қаржаубайдың анасынан сұрақ ала бастағанда, Қаржаубай орнынан тұрып:
«Анам тергеу барысында қатты қайғыда болды, сондықтан кейбір жауаптарды дұрыс бере алмады. Оған қатты қысым көрсетпеулеріңізді сұраймын», — деді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Премьер баға өсімін тежеді. ҚР әскерінде тағы да өлім-жітім өршуде. «Орда» ЕҚЫҰ конференциясында
- Бас прокуратура рейдерлікке қатысты Нұрбол Назарбаевтың аты аталған істі қайта жандандырды
- Абайлаңыз, жоғары кернеу: астаналықтарға LRT қаупі туралы ескертілді
- Сотталған марафоншы Марат Жыланбаев үзіліссіз аштық жариялады
- Алматыда жойқын соқтығыс болып, бес адам зардап шекті
- Антикордың бұрынғы басшысы бас прокурордың орынбасары лауазымына ие болды
- Жамбыл облысындағы мектептегі буллинг: балалар құрбан болып жатыр, жауаптылар оны жасырып әлек
- Өскемендегі көмір жеткізу мәселесіне қатысты ҚТЖ жауап берді
- Алматыда веложарысқа байланысты қозғалыс шектеледі
- «Видеосын таратқан»: Жетім қызды зорлаған оқушылардың арасында қыздар да бар
- Путин Дональд Трампты ызаға булықтырды
- Lenovo компаниясының директорын өлтіруге тапсырма берген күдікті ұсталды
- Қазақтарды «мамбет» деп кемсіткен қарағандылық Аликаға прокурор 4,5 жыл сұрады
- Қызылордада 10-сынып оқушысын сыныптастары соққыға жықты
- Орыс тілін Конституциядан алып тастау керек — Жалғас Ертай
- Мәскеуде мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімдегі әріптестерін қырып салды
- «Қоян атқан»: Мойынқұмда аң аулауға шыққан 13 жастағы бала көз жұмды
- Қазақ спортында тамырын жайған Гаджиев және оның ықпалындағы спорт федерациялары
- Кескіндемеші Ғалым Маданов өмірден өтті
- Тәуелсіз «Орда» редакциясына шабуылдан кейін Гүлнәр Бажкенова Еуропалық ұйымның жиынында сөз сөйледі