Шерзат Полат өліміне қатысты сотталғандардың бірі бостандыққа шықты
Фото: Orda.kz
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталғандардың бірі Думан Ысқақ бостандыққа шықты, ал осы іс бойынша апелляциялық сот 18 тамызда қаралады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Шерзат Полат жанұясының қорғаушысы заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді. Думан Ысқақ кәмелеттік жасқа толмаған 434-бап, яғни ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.
Бірінші сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, Ысқақ қамаудан босатылды, – деді Шекеев.
Айта кетейік, дәл осы Думан Ысқаққа сот залында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов кешірім бергенін айтқан еді. Ал аппеляциялық шағымды Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқа жеті сотталған берді. Енді аппеляциялық сот отырысы 18 тамызда Алматы облыстық сотының ғимаратында қаралады.
Еске салайық, 5 маусым күні Талдықорғанда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот үкімі шықты. Сотталғандарға 1 жыл 6 айдан 23 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі