Шенеуніктердің асығыс шешімінен маман тапшылығы орын алмай ма?

cover

ҚР Білім министрлігі 2019 жылы жоғарғы оқу орындарында тексеріс жүргізіп, нәтижесінде көптеген университеттер маман дайындауға рұқсат беретін лицензияларынан айрылды. Олардың ішінде Алматы қаласында орналасқан М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы да бар.

2020 жылы 6 қазанда Білім министрлігі Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы бас лицензиясынан айрылды деп хабарлады. Бірақ 25 қараша Алматы соты Білім министрлігі «артық кетті, кішкентай қателіктер үшін лицензиясын тартып алу дұрыс емес» деген шешім шығарған. Елордадағы сот керісінше бас лицензияны тартып алуды қолдады. Мәселе шиеленісіп кетті.

Осы жерде Orda.kz тілшісі академияда не болып жатқанын анықтау үшін студенттермен байланысып, жағдай туралы сұрап білді.

Студенттердің айтуынша, шынымен де лицензиядан айрылды деген сыбыс болған. Бірақ ешқандай ресми мәліметтер жасалмаған, бәрі қалыпты, қашықтан оқып жатыр.

– Қазір жаңадан ректор келіп, сот шешіміне апелляция түсірді. Әлі соттасып жатыр, - деді студенттердің бірі.

Академия мүддесін жақтаушылар ішінде Көлік қызметкерлерінің одақ мүшелері де болған.

– Олар 90 жылдық тарихы бар, біріккен күш-жігермен, біртіндеп теміржолшылардың, көлік қызметкерлерінің күшімен құрылған, шын мәнінде жұмыс істейтін жүйені, он мыңдаған мамандарды оқытып, тәрбиелеген жүйені жоюға тырысып жатыр, - деп президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған.

Алайда, оның арты оң шешімге апармады.

2021 жылы 18 ақпанда М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының ректоры Салтанат Әмірғалиева ресми мәлімдеме жасаған. Онда ол университеттің соттан жеңілгендігін және жақында жабылатынын мәлімдеген.

Осыдан кейін Тынышпаев академиясы туралы жаңалықтар легі сейілген.

Orda.kz академия студенттері жайлы білмекші болып, оның баспасөз қызметіне хабарласты. Ондағылар «бас лицензияны наурызда қайтарып алғанбыз, 2021-2022 оқу жылына әдеттегідей студенттер қабылдап жатырмыз» деп жауап берді. Алайда, мұнда 90 жылдық тарихы бар академия атауы не себепті өзгергендігі туралы айтылмады. Білмеді ме, айтқысы келмеді ме белгісіз.

Азаттықтың 1 сәуірдегі ақпаратына сүйенсек, академия лицензиясын қайтармаған, тек атауын өзгертіп, жаңа лицензия алған. Бірақ академия мен Білім министрлігі арасындағы мұндай келісімге профессорлар мен студенттер қарсы шыққан. Себебі, бас лицензияны қайтарып алу кезінде университет 6 мамандықтың тек 4-еуіне рұқсат алған. Екі мамандық сыртта қалған. Оның студенттеріне ұқсас мамандықтармен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясына, болмаса Қазақ қатынас жолдары университетіне ауысуға ұсыныс жасаған.

Білім министрлігінің шешімі кадр тапшылығына әкелді ме?

Иә, осымен бас-аяғы жоқ жанжал тоқтады делік.

Бірақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдағы бес жылдыққа болжам жасап, «машина жасау, өңдеу және құрылыс салаларына» маман тапшылығы болуы мүмкін деген шешімге келген. Осы мәліметтерге сүйене келе ҚР Білім министрлігі кадр тапшылығын болдыртпау үшін, 2021-2022 оқу жылына «машина жасау, өңдеу және құрылыс салаларына» 17 028 грант бөлген.

Еске салсақ, 2020-2021 оқу жылына ең көп – 2 468 грант «ақпараттық технологиялар» мамандығына бөлінген.

Көріп тұрғанымыздай, биылғы грант 8 есе көп.

Жалпы былтыр 53 мың оқу гранты бөлінсе, биыл 56 мың грант бөлінген.

Грант бөлініп жатыр, оқу орындары жабылып жатыр. Сонда машина жасау, өңдеу және құрылыс саласын қайдан оқып шығуға болады?

Қазіргі таңда республика бойынша бұл бойынша 14 ЖОО маман дайындайды:

  1. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті (Орал);
  2. Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар);
  3. Қазақ қатынас жолдары университеті (Алматы);
  4. Қарағанды ​​техникалық университеті (Қарағанды);
  5. Toraighyrov University (Павлодар);
  6. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Петропавл);
  7. Shákárim Ýnıversıteti Semey (Семей);
  8. Орталық Азия университеті (Алматы);
  9. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент);
  10.  Астана университет (Нұр-Сұлтан);
  11. Yessenov University (Ақтау);
  12.  М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті (Қостанай);
  13. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Алматы);
  14. Еуразиялық технология университеті (Алматы).

Академиялық мағынада Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы ұқсас білім беру мекемелеріне қарағанда мықты екені анық.

«Атамекен» АЭС басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев

«Сан жеме жемге келгенде сан болудан қалады» демекші, алдағы бес жылда сапалы мамандар бола ма, жоқ па бірге көретін боламыз!

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар