Шенділер Маңғыстаудағы «нағыз жұтпен» қалай күреседі?

cover

Ауыл шаруашылық министрлігі Маңғыстаудағы қуаңшылдық салдарынан аштықтан азып кеткен малды құтқармақшы.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Айналым тетігі бойынша жем-шөпті орталықтандырып сатып алу үшін «Каспий» ӘКК арқылы 204 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, 12 маусымда министрлік «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ ресурстары арқылы 637 тонна арзандатылған арпа тиеді. Арпа нарықтағы бағадан 17 пайызға арзан сатылады. Маңғыстау облысы фермерлері жазда мал жаюы үшін Ақтөбе облысының Алға, Байғанин, Темір және Қобда аудандары бойынша 100 мың гектарға жуық жайылым жерлер анықталды. Қазіргі уақытта аталған аумаққа 1500 бас жылқы, 3000 бас қой, 200 бас түйе және 500 бас ірі қара мал тасымалданып жатыр, - делінген министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ, аймақта азық бағасы тұрақтандырылып, жем-шөпті арзандатуға резервтен 17 млн бөлінуі мүмкін.

Қазір шөпті 1200-1300 теңгеге, бір орамын 12-16 мың теңгеге сатып алуға болады.

Еске салсақ, жақында желіде Маңғыстауда аштықтан азып кеткен малдың суреті жарияланған. Сонымен қатар, күні кеше аш мал картон жеп жатқаны айтылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар