Шелек ауруханасының жағдайы: «Арматуралары шығып тұр»

20 маусым күні әлеуметтік желіде Алматы облысы Шелек ауылының «Аудандық ауруханасының» дәрігерлік жәрдем беру орны туралы бейнежазба пайда болды. Автордың айтуынша, дәрігерлік жәрдем беру орнына баратын жол үңірейіп тұр.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Бейнежазбадан байқағанымыздай, дәрігерлік жәрдем беру орнына барар жолда адамның аяғы сыйып кететіндей жер үңірейіп жатыр. Арнайы бекіткен арматурасы түсіп кеткен.
— Ауырып келе жатқаныңда түсіп кетіп, аяғыңды сындырып алдың. Бұл ыңғайлы ма? – дейді автор.
Кейін салынып жатқан пандустың арасынан шығып тұрған әртүрлі ұзындықтағы арматураларды көрсетті. Шелек ауылындағы «Аудандық аурухана» басшылығы жақында ғана ауысқан. Ал адам көп жүретін жолдағы мұндай қауіпті нысандар мәселесі шешілмей келеді.
Бейнежазба авторы бұл жолмен балалар да, үлкен кісілер де көп жүретінін айтты. Егер адам «қауіпті» жерлердің біріне байқамай ұрынатын болса, адам өміріне қауіп төнуі мүмкін.
— Басшылықтың бұл жағдайға бей-жай қарауы адам өміріне қауіп төндіреді. Құдай сақтасын, бұл нысандарды жөндеу трагедиялық жағдай орын алса ғана қолға алынуы мүмкін, - дейді ол.
Мәселенің мән-жайы туралы Orda.kz журналисі сұрап білді.
Ең алдымен Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіне хабарластық. Кейін Шелек ауылы «Аудандық ауруханасының» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорымен байланысқа шықтық. Директор Гүлнәр Съезбекқызының айтуынша, аурухана аймағы үлкен құрылысқа кірмей қалған. Қоршап қойған белгіні біреудің алып тастағанын әрі бір апта ішінде жөндеу жұмыстары аяқталатынын айтты.
Ауыл тұрғындары бұл жағдайға байланысты шағым айтқанына біршама уақыт болды. Құрылыс жұмыстарын кім жүргізді? Бұған кім жауапты?
— Ол жерді біз өзіміз жөндеп жатырмыз. Ол үлкен құрылысқа кірмей қалған жер. Қоршап қойған жіпті біреу алып тастапты. Арматура орнына сол күні қайтадан қойылған. Пандус жасалып жатқан жер лентамен қоршалып тұр. Жөндеу жұмыстары бір апта ішінде бітеді, - деді Гүлнәр Съезбекқызы.
Бейнежазба жарияланғаннан кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, «Аудандық аурухана» директоры Гүлнәр Съезбекқызы аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаевқа түсініктеме берген. Құжат бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатқан орындағы лентаны белгісіз біреулер үзіп кеткен. Соған байланысты қызыл лента қайта байланып, құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр екен.
— Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Аудандық аурухана» 23.06.2021 ж. Instagram әлеуметтік желісіндегі «Аудандық жаңалықтар» парақшасында жарияланған бейнежазбаға жауап ретінде, «қабылдау бөліміне» келушілерге арналған пандусқа қатысты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Жұмыс орны қызыл лентамен қоршалған, бірақ бұл лентаны түнде белгісіз біреулермен жұлып алып, үзіп кеткен. Қазіргі уақытта жұмыс орны қайтадан қызыл лентамен қоршалған, - делінген құжатта.

Ал бейнежазбаның авторы болса, аурухана басшылығын кінәлаудың қажет еместігін айтып, шу көтермеуге шақырды.

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдінің баспасөз хатшысына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қанша қаражат жұмсалғаны жөнінде сауал жолдап көрдік.
Осы жұмыстарды жүргізуге қанша қаражат бөлінді? Ауруханаға кіреберістің белгілі бір уақыт бойы солай тұрғаны тұрғандарға қауіпті. Қауіпсіздік туралы ескерттіңіздер ме?
— Бұл жұмыстар аурухананың өз қаражатына жасалып жатқан жұмыстар. Арматура сол күні орнына қойылып, қалпына келтірілді. Ал пандус жасалып жатқан жер қызыл лентамен қоршалып тұр, - деп жауап берді әкімдік қызметкері.
Жаңалықтар
- «Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
- «Буындырып тастаймын»: Екібастұзда ойын алаңындағы балаға бір әйел шабуыл жасады
- Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
- Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
- Талдыкөлден су тартқан Алматы әкімінің бауырлары жазалана ма?
- «Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады
- Дәурен Абаев Адам Қадыровтың тойына не себепті барғанын түсіндірді
- Ең ауыр жаза – 22 жыл: Ақтөбеде төбелес шығарған 10 айыптыға үкім шықты
- Тоқаев алғысын айтты: Антикор басшысы Асхат Жұмағали қызметінен кетті
- Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
- Алматыда босанған әйелдің ішінен тоғыз айдан кейін таңғыш табылды
- «Жалған ДНҚ»: Қарағанды соты сәбилерді заңсыз асырап алу ісі бойынша үкім шығарды
- Атырауда ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіргені үшін сотталды
- Адам Кадыровтың үйлену тойына Қазақстан елшісі қатысты
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры