Шарын шатқалында тағы бір туристер тобы мерт бола жаздады

Шарын шатқалында тағы бір топ турист төтенше жағдай орын алған аумақтан шыға алмай қалды, деп хабарлайды Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерге бақылау жүргізу кезінде 11 маусым күні шамамен сағат 20: 00-де Шарын шатқалынан туристердің шыға алмай жатқандығы анықталды. Бұл туралы блогер Тайыр Марасулов инстаграмда көмекке шақырып, жазба жариялаған.
— Дереу оқиға орнына Алматы облысының төтенше жағдайларды жою бөлімі күштері мен құралдары және «Шарын шатқалы» мемлекеттік ғылыми-өндірістік кәсіпорны жіберілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, - деп мәлімдеді ТЖД.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 11 маусымда «Шарын шатқалы» мемлекеттік ғылыми-өндірістік кәсіпорнының Кіші Шарын шатқалы аумағында жауған жаңбырдың әсерінен көлбеу ағын пайда болған.
Бұған дейін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті СМС арқылы, әлеуметтік желілерден, «Дәрмен» мобильді қосымшасынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан көлбеу ағынның болу мүмкіндігі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, сондай-ақ алдағы нөсер жаңбыр туралы хабардар еткен.
Жеті адамнан басқа демалушылар болмаған. Төтенше жағдайлар департаменті кезекті рет азаматтарды ауа райының өзгеруін қадағалап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Жаңалықтар
- «Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
- «Буындырып тастаймын»: Екібастұзда ойын алаңындағы балаға бір әйел шабуыл жасады
- Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
- Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
- Талдыкөлден су тартқан Алматы әкімінің бауырлары жазалана ма?
- «Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады
- Дәурен Абаев Адам Қадыровтың тойына не себепті барғанын түсіндірді
- Ең ауыр жаза – 22 жыл: Ақтөбеде төбелес шығарған 10 айыптыға үкім шықты
- Тоқаев алғысын айтты: Антикор басшысы Асхат Жұмағали қызметінен кетті
- Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
- Алматыда босанған әйелдің ішінен тоғыз айдан кейін таңғыш табылды
- «Жалған ДНҚ»: Қарағанды соты сәбилерді заңсыз асырап алу ісі бойынша үкім шығарды
- Атырауда ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіргені үшін сотталды
- Адам Кадыровтың үйлену тойына Қазақстан елшісі қатысты
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры