Шұғыл: Қазақстанда ресми түрде «үнді» штамы анықталды

cover

Коронавирустың «Дельта» штаммының таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршиді және салдары анағұрлым ауыр, деді Асқар Мамин.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Ол Нұр-Сұлтан қаласы әлі «қызыл» аймақта екенін, вирус жұқтырғандар саны азаймай тұрғанын айтты.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл елордада қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді.

– Барлығымызға белгілі, елордада коронавирустың «Дельта» штаммына тән мутацияның ықтималдығы анықталып отыр. Оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршиді және салдары анағұрлым ауыр. Осы ретте бүгін Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізуді және Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаңдату бойынша шараларды қабылдауды тапсырамын, - деді ол.

Қазақстанда жағдай тұрақты болғанымен, көрші елдерде ахуал нашарлап келеді.

– «Үнді» штаммы өзге штаммдарға қарағанда тез жұғады және инкубациялық кезеңі қысқа, 7 күнге дейін созылады, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

«Дельта» штамның жаңа белгілері: буындар мен іштің ауыруы. Штамының салдарынан есту қабілетінен де айрылып қалу қаупі бар.

– Үнді штамының жұққыштығы, ауыр салдары мен белгілері туралы қолда бар мәліметтерді ескеріп, өңірлер дәрі-дәрмектің жеткілікті қорын, жасанды тыныс алдырту аппараттары, жеке қорғаныш құралдары, төсек-орын қорын, сондай-ақ жедел жәрдем мен мобильді бригадалардың дайындығын қамтамасыз етуі қажет, - деді Цой үкімет отырысында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар