ШҚО тұрғыны заңсыз ауланған 350 кг балығымен Павлодарда ұсталды

cover

Павлодарда Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан 350 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

20 желтоқсанда Май ауданындағы рейдтік іс-шара кезінде Павлодардың табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Қаратерек ауылының маңында Ленин-Курчатов тас жолында УАЗ автокөлігін тоқтатқан.

«Көлікті көрші Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны тізгіндеген. Автокөлікті тексерген кезде, тиісті құжаттары жоқ крест балықтары табылды. Нәтижесінде салмағы 350 келі болатын балықтар, сондай-ақ 100 метрлік Қытайда жасалған торлар тәркіленді. Аталған фактімен Қылмыстық кодекстің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Шығыс Қазақстан тұрғыны аймақтан шықпау туралы алдын-алу шарасына қол қойды.

Айта кетсек, осы жылдың басынан бастап табиғатты қорғау полициясы 518 келі заңсыз ауланған балық тәркілеген. Балықтардың барлығы сот шешімімен Павлодардың аумақтық инспекциясына өткізілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар