Өрт салдарынан ана мен үш баласы ауруханада жатыр

cover

Бір, үш және төрт жасар балалар мен олардың анасы пәтерінде болған өрттен кейін Қарағандыдағы ауруханаға жеткізілді.

Ақпарат Литер сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға 5 сәуірде сағат 23:30-да болған. Ишим көшесіндегі төрт қабатты үйдің жоғарғы қабатындағы пәтерден өрт шықты. Құтқарушылар пәтерлерден алты тұрғыны мен төрт баланы алып шықты. Өрттің жалпы аумағы 12 шаршы метр болады.

— Жеңіл дәрежелі улы газбен улану салдарынан 1996 жылы туған пәтер тұрғыны мен оның 2017, 2018 және 2020 жылдары туған үш баласы медициналық мекемеге жатқызылды. Қабылданған шаралардың арқасында сағат 00: 04-те өрт сөндірілді, - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖ департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.

Дәрігерлер балалардың өміріне қауіп жоқ екенін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар