Серік Әбденов Қазақстан темір жолындағы қызметінен босатылды

cover

Серік Әбденов «Қазақстан темір жолы» АҚ (бұдан әрі ҚТЖ) басқарма төрағасының корпоративті мәселелер және кадр жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлады Orda.kz.

«ҚТЖ»-да басшылық ауысқаннан кейін бірқатар кадрлық ауыс-түйістер болды. Серік Әбденов «ҚТЖ» АҚ басқарма төрағасының корпоративті мәселелер және кадр жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлының айтуынша, Серік Кеулімжаев осы лауазымның міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ол өзінің мансабын «Прайс Уотерхаус» консалтингтік компаниясында бас менеджер болып бастаған. Осы жылдар ішінде ол коммерциялық құрылымдарды басқарып, мұнай-газ өнеркәсібінде, өндірісте, құрылыста өнімдерді тасымалдау және сатумен айналысты.

Серік Әбденов 2018 жылдан бері корпоративті мәселелер және HR мәселелері бойынша жұмыс істеген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар