Сенатор еліміздегі онлайн-білім беру жүйесін сынға алды

cover

Бірыңғай онлайн-білім беру платформасының жасалмағандығына байланысты студенттер әртүрлі оқу сайттарын қолдануға мәжбүр. Сенатор Ольга Перепечина үкіметке жолдауында білім беру проблемаларының бірнеше түрін көтерді.

Оның айтуынша, бүгінде қашықтықтан оқытуға арналған бірнеше онлайн платформалар бар.

Алайда, кейбір білім беру Интернет-платформалары электронды күнделік функцияларының тегін бөлігін қайталай отырып, бірдей қызметтер ұсынады, бірақ ақылы. Оның үстіне олар мемлекеттік бюджеттен ақша алады.

«Кейбір білім беру бөлімдері жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер үшін бюджет қаражаты есебінен ақылы негізде өз қызметтерін ұсынады. Бұл мұғалімдер мен ата-аналардың ашу-ызасын тудырды. Олар бірнеше жүйелердегі жұмыстарға байланысты жүктеменің ұлғайғанын, сондай-ақ, пайдаланушылар тарапынан түсініспеушіліктердің артқандығын айтуда», - деді Ольга Перепечина Сенат отырысында.

Оның пікірінше, Интернет-платформалар тәсілдерінің сәйкес келмеуі және олардың функцияларының қайталануынан бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалады.

Перепечина Елбасының бірыңғай интеграцияланған білім беру онлайн-платформасын құру туралы тапсырмасы қай кезеңде жүзеге асырылып жатқанына жауап беруді сұрады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар