Семейде 65 жасар әйелді мәжбүрлі түрде жұмысқа жеккен

cover

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында 65 жастағы Семей тұрғынына шаруа қожалығының басшысы мәжбүрлі түрде жұмыс істеткен.

Ақпарат Семей Сити сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

— Әйелге үй шаруашылығындағы жұмыс ұсынылған. Келген кезде оны мал бағуға мәжбүрлеп қойған. Жәбірленуші фермадан қашуға тырысқан. Бірақ мал бағатын жер елді мекеннен 40 шақырым жерде орналасқандықтан тез арада ұсталып, соққыға жығылып отырған. Іс Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша қозғалды. Қазіргі уақытта жәбірленушіге көмек көрсетілуде, - деп хабарлады министрліктен.

Алдағы уақытта ақпарат толықтырылатын болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар