Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді

cover Фото: Orda.kz

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, 6 отбасы 2 млн теңге көлемінде біржолғы төлем алды, тағы 2 млн теңгені «Палау орталығы» кафесінің иесі өтеген, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сонымен Щучинск қаласындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді. Сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған 5 отбасының несиелері демеушілік қаражат есебінен жабылатын болады.

Еске сасақ, Щучинск қаласында «Палау орталығы» кафесінде жарылыс болып, артынша өрт шықты. Салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы жиырма адам жарақат алды. Ақмола облысы ТЖД-ның мәліметінше, бес қабатты тұрғын үйдің жанындағы бір қабатты дәмханада газ жарылып, кейін өрт тұтанған. Құтқарушылар хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде оқиға орнына жеткен.

Соңғы мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 10 адам құтқарылды. 28 адам зардап шекті, олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, 8-і медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. 7 адам қайтыс болды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар