Щучинск қаласында есірткі жасырып жүрген әйелден 280 орам мефедрон тәркіленді
Фото: Polisia.kz
Щучинск қаласында Ақмола облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтады және таратады деген күдікке ілінген әйелді ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Polisia.kz хабарлағандай 2025 жылдың соңында полицейлер Бурабай ауданының 37 жастағы тұрғынының заңсыз есірткі айналымына қатысы бар екені туралы жедел ақпарат алған. ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды.
Әйелдің тұрғылықты жерін тінту кезінде арнайы жабдықталған жасырын орындардан қаптама материалдар, зип-пакеттер, оқшаулағыштар, электронды таразылар, магниттер, сондай-ақ психотроптық заты бар 280 орам мефедрон табылып, тәркіленді. Алынған зат 274,15 грамм болды.
Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес, ұсталған кезде әйел сау болған және есірткі қолданбаған.
Күдіктінің бір жыл бойы Щучинск қаласында ораушы-кепілгер ретінде қызмет көрсеткені анықталды. Ол куратордың нұсқауы бойынша әрекет етіп, есірткі құралдарын жасырын орындар жүйесі арқылы таратқан. Заңсыз әрекеті үшін сыйақыны кейіннен мобильді қосымшалар арқылы банк карталарына шығарылған криптовалюта түрінде алып отырған.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.
Еске салсақ, жаңа жылдың алдында Таразда есірткі сатпақ болған полиция бөлімінің басшысы ұсталды.
Тақырыпқа қатысты оқи отырыңыз:
- Алматыда жыл басынан бері 30-ға жуық шетелдік есірткі қылмысы үшін сотталды
- Қазақстанда халықаралық есірткі арнасының күдікті ұйымдастырушысы тұтқындалды
- Оңай табыс іздеген жастарымыз есірткі таратушыға айналып барады
Жаңалықтар
- Бас прокуратура интернет-алаяқтардың шабуылы күшейгенін ескертті
- Қазақстанда Ирандағы соғысқа байланысты бірқатар әуе рейстері тоқтады
- 28 ақпан – Сирек аурулардың халықаралық күні: ДСМ былтыр 175,4 млрд теңге бөлді
- Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасады
- Трамп: Иран зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандаймыз
- Иранға шабуыл: Қазір не белгілі
- Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді
- Израиль Иранға қарсы соғыс бастады
- Израильдің бүкіл аумағында дабыл қосылды
- Иран барлық байытылған уран қорынан бас тартуға келісті
- Атырауда енесін пышақтап тастаған әйел сотталмады
- Ақмола облысында балық қырылды, спирт зауытына айыппұл салынды
- Қазақстан мен тағы бірнеше ел Ираннан өз дипломаттары мен азаматтарын кетуге үндеді
- Павлодарда студент өзін пышақтап тастады
- Қытайлық әйел бірден бес сәби дүиеге әкелді
- Қазақстанның бас прокуратурасы «Эпштейн файлдары» бойынша тексеріс бастады
- Шымкентте ұстазынан азғындық көрді деген оқушының анасы өз шындығын айтты
- Мемлекет басшысы Сербия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- Жамбыл облысында пәтерлерде жүздеген «көрінбейтін тұрғын» тіркеліп алған
- Зардап шеккендерге — 1 млн теңге: Щучинсктегі жарылыста мерт болғандардың отбасыларына 2 млн теңгеден беріледі