Сара Назарбаева ауруханадан шықты

cover Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы жұбайы Сара Алпысқызы биыл қаңтар айында  Алматыдағы президент іс басқармасының медициналық орталығының Ұлттық госпиталінен шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы мекеме әкімшілігі мәлімдеді.

Бірінші президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуірінде ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеген болатын. Медициналық мекеменің баспасөз қызметі Назарбаеваның диагнозы мен жағдайы туралы ешқандай мәлімет таратпады. Былтыр қаңтар айында Қасым-Жомарт Тоқаев заңға түзетулер енгізді. Бұл түзетулерге қарасақ, бұрынғы президенттердің және олардың отбасы мүшелерінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтер мемлекеттік құпияға жатады. Сондықтан ондай ақпаратты таратуға тыйым салынады.

Сара Алпысқызы 84 жасқа толды. Ол Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап 2019 жылға дейін ресми түрде бірінші ханым болды. 2023 жылдың желтоқсанында жарық көрген мемуарларында бұрынғы елбасы Сара Алпысқызынан басқа әйелі бар екенін мойындады. Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде Әсел Исабаевамен діни некеге отырғанын жариялаған.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар