Самал Еслямова ресейлік «Ника» киносыйлығын алды

cover Instagram

Қазақстандық актриса Самал Еслямова Сергей Дворцевойдың «Айка» фильміндегі рөлі үшін ресейлік «Ника» киносыйлығының лауреаты атанды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Самал Еслямова 2019 жылдың үздік актрисасы номинациясын жеңіп алды. Виктория Мирошниченко онымен бірге Кантемир Балаговтың «Дылда» картинасы үшін осы номинация бойынша сыйлықтың лауреаты болды.

ТАСС-тың хабарлауынша, өткен жылы Ника сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты пандемияға байланысты болмады, сондықтан екі жылдың жеңімпаздары 2021 жылы 25 сәуірде жарияланды.

«Айка» фильмі Мәскеуде Қырғызстаннан келген еңбек мигрантының қиын өмірі туралы баяндайды. Қазақстаннан шыққан ресейлік режиссер Сергей Дворцевой картинаны алты жыл бойы түсірген.

Басты рөлді ойнаған Петропавлдық актриса Самал Еслямова «Айка» фильміндегі жұмысы үшін 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» сыйлығын алған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар