«Самұрық-Қазына» әлемдік ең тиімді қорға енді

cover

Ұлттық әл-ауқат қорлары институты SWFI өзінің Public Investor 100 рейтингін жариялады.

Оған тиімді және ірі тәуелсіз қорлардың, зейнетақы қорларының, орталық банктердің, инвестициялық ұйымдардың топ-менеджерлерінің тізімі жатады.

Рейтингті құру кезінде SWFI бірқатар параметрлерді, соның ішінде инновацияны, қаржыландыруды, экологиялық мәселелерді, кірістілікті, қабылданған бірегей бағдарламалар мен бастамаларды талдайды. Айта кету керек, бұған дейін бұл тізімге ең үздік 100 инвестор кірген болатын. Алайда SWFI күрделі 2020 жылдың ерекшеліктерін ескере отырып, өзгертулер енгізіп, ең тиімді 10 көшбасшыны бөліп көрсетуге шешім қабылдады.

Биылғы жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов инвестициялық ұйымдардың көшбасшыларының ондығына кірді.

Естеріңізге сала кетейік, SWFI - бұл инвестициялар, активтерді орналастыру, басқару, экономика, саясат, сауда және басқа да тақырыптарда егемендік қорларын, зейнетақы қорларын, орталық банктерді, инвестицияларды басқарушы компанияларды және басқа ұзақ мерзімді мемлекеттік инвесторларды зерттеуге арналған жаһандық ұйым.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар