Сайрам-Өгем шатқалында тағы бір туристің мәйіті табылды

cover Фото: ТЖМ

22 маусымда сағат 11:50-де Түркістан облысында жоғалып кеткен тағы бір студенттің денесі табылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Мәйіт Айғыржыққан мен Өгем өзендерінің құйылысынан екі шақырым жоғарыда табылды. Орынға «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жіберілді. Дене сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне беріледі.

– Іздеу жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оларға 107 қызметкер, 17 техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық экипаж және бір тікұшақ қатысты, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Фото: ТЖМ

Еске салсақ, 21 мамырда таңертең жеті адамнан құралған топ Сайрам-Өгем ұлттық паркінің бақылау-өткізу пунктіне тіркеліп, Сары-Айғыр шатқалына жаяу көтерілген. Олар 24 мамырда қайту керек еді, бірақ еш хабар болмаған.

25 мамыр туыстары жігіттердің жоғалып кеткендігі туралы ТЖМ-ге хабарлады.

Жоғалған үш турист табылып, құтқарылды, содан кейін қалған екеуінің денелері табылды.

8 маусымда жоғалған жеті туристтің қалған екеуін іздеу кезінде Өгем өзенінің жанынан заттар табылды.

12 маусымда жасөспірімдердің біреуінің денесі табылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар