Садыр Жапаров Қырғызстан Президенті ретінде қызметіне кірісті

cover Сурет Sputnik Kyrgyzstan веб-сайтынан алынды

Садыр Жапаров Қырғызстан Президенті ретінде қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі Бішкектегі Қырғыз ұлттық филармониясы ғимаратында өтті.

ОСК төрағасы Нұржан Шілдабекова кезектен тыс президенттік сайлауда Садыр Жапаровтың жеңіске жеткендігі туралы қаулыны оқып берді. Сайланған мемлекет басшысы Қырғызстан халқына ант берді.

«Мен, Жапаров Садыр Нұрғожоұлы, Қырғызстан Президентінің қызметін қабылдай отырып, Құдайдың және Қырғызстан халқының алдында, президенттің міндеттерін әділ және адал орындауға, азаматтардың құқықтарын сақтауға, Қырғызстан Конституциясының нормаларын, халықтың тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтауға ант етемін!», - деді президент анттың мәтінін оқып.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы мемлекет басшысына президент куәлігін, төсбелгі мен эталон сыйлады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар