Рудныйдағы түрмеден қашқан екі қылмыскер ұсталды

cover

Рудный қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 161/11 қоныс-колониясынан қашқан екі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ORDA. облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 16 қаңтарында кешкі сағат 21:00 шамасында түзеу мекемесінің аумағында сотталған екі тұрғынның қашып кеткені анықталған.

 1986 және 1996 жылғы сотталушылар колонияның терезесін сындырып, қашып кеткен.

«Мекеме басшылығы дабыл көтеріп, жеке құрам бағдарланды. Екі сотталушы Рудный қаласында тұрған, сондықтан Рудный қаласы полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген қызмет атқару режиміне ауыстырылды. Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қаладағы жалдамалы пәтерлер, қылмыскерлердің достары мен туыстары тексерілді. Сол күні тәртіп сақшылары сотталғандарды ұстады» делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта іс сотқа берілді, ал сотталғандардың өздері Қостанай қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар