Роман Скляр Мәскеуге жұмыс сапарымен барды

cover

Роман Скляр бастаған үкіметтік делегация Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады премьер-министрдің сайты.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Ресей премьер-министрінің орынбасары Юрий Борисовпен кездесті. Олар өндірістік және ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін қарастырды.

Өнеркәсіптік ынтымақтастық тақырыбы Ресейдің Индустрия және сауда министрі Денис Мантуровпен келіссөздерде көрініс тапты. Тараптар келісімдердің жүзеге асырылу барысын, оның ішінде қазақстан-ресей өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде мәселелерді талқылады.

Роман Скляр сапар барысында Ресейдің көлік министрі Виталий Савельевпен де кездесті. Кездесу барысында Көлік саласындағы өзара іс-қимылдың, сондай-ақ магистральдар мен Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы өткізу пункттері инфрақұрылымының ең өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесулерге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және бірлескен өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру бойынша бірлескен күш-жігердің өнімділігін атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар