Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды

cover aif.ru

Қазақстанда жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасындағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды.

Бұл туралы Orda.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Алғаш рет қорытынды кезең «бір қатысушы - бір компьютер - бір камера» қағидаты негізінде прокторлау жүйесін қолдану арқылы өткізіледі. Академиялық тұтастық талаптары күшейтілді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі 30 сәуірге дейін жалғасады. Олимпиада 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы алты пән және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы 10 пән бойынша өтеді. Олимпиадаға 1600-ге жуық мектеп оқушылары қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер халықаралық олимпиадаларда Қазақстанның намысын қорғайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар