Республика бойынша балық аулауға тиым салынды
Қазақстанның су айдындарында уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынады, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
— Бұл шаралар өте маңызды. Бұны қолға алмасақ, балық аулау — балықтың белгілі бір түрлерінің көбеюіне, едәуір қысқаруына әсер етіп, мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Мұндай зардаптарға жол бермеу үшін су шаруашылығы бассейндері ауқымында балық аулаудың зиян келтіруі мүмкін нақты күндер айқындалады, – делінген хабарламада.
Министрлік балық аулауға тыйым салынған және жуырда аулауға тиым енгізілетін аймақтарды атады:
- Арал-Сырдария бассейні бойынша: Шардара су қоймасының акваториясында-1 сәуірден 20 мамырға дейін;
- Түркістан облысы шегіндегі су айдындарында және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде-15 сәуірден 31 мамырға дейін;
- Балқаш-Алакөл бассейні бойынша: Балқаш көлінде-15 сәуірден 1 маусымға дейін, Қапшағай су қоймасында, оған құятын барлық өзендер мен ағындарда-5 сәуірден 20 мамырға дейін;
- Ертіс бассейні бойынша: Жайсаң көлінде және Қарақастан бастап бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде – 16 сәуірден бастап 30 мамырды қоса алғанда;
- Бұқтырма су қоймасының терең сулы бөлігінде, бірінші Батин шоқысының басынан ағысты бойлап төмен қарай Бұқтырма ГЭС-не дейін – 1 мамырдан 15 маусымға дейін;
- Есіл бассейнінің су айдындарында шортан, аққайран және көксерке аулауға (аулауға, жинауға, дайындауға) – 15 сәуірден 15 мамырға дейін, сазан (тұқы) – 20 мамырдан 20 маусымға дейін, гаммарус – 1 тамыздан 14 қыркүйекке дейін тыйым салынады;
- Нұра-Сарысу бассейнінде көксерке аулауға тыйым салынды – 20 сәуірден 20 мамырға дейін, сазан (тұқы) – 1 мамырдан 30 маусымға дейін;
- Тобыл-Торғай бассейні шеңберінде Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелдин аудандарының су айдындарында 20 наурыздан бастап 20 сәуірге дейін шортан, сазан (тұқы), табан, лай, көксерке аулауға 20 сәуірден бастап 30 мамырға дейін тыйым салынған;
- Жайық-Каспий бассейні мен Қиғаш өзені бойынша Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік бөлігінің акваториясында 25 мамырдан бастап 31 тамызға дейін, Жайық және Қиғаш өзендерінің қосалқы су айдындарында 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін балық аулауға тыйым салынды;
- Аса өзенінде және Шу-Талас бассейнінің Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара жалғастыратын оның салаларында – 1 наурыздан 1 шілдеге дейін.
Жаңалықтар
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
- Бектенов Тоқаевқа су тасқыны зардаптарын жою туралы баяндады
- Жыл басынан бері мемлекет пайдаланылмай жатқан 645 мың гектар жерді қайтарды
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды