Ресейліктерге қазақ тілі мен тарихын оқыту керек - депутат
Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов Қазақстанға келген ресейліктерді бейімдеу орталығын ашып, қазақ тілі мен тарихын оқытуды ұсынды. Ол депутаттық сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады.
- Қазақстан қай заманда да қысым көріп, өз елінен қашып, босқын болуға мәжбүр болған талай халықты өз басындағы қиыншылыққа қарамастан құшақ жая қарсы алып, аман алып қалғанына тарих куә. Қазақстан өркениетті ел ретінде Ресей шекарасынан елімізге бас сауғалап, соғыстан қашқан ресейліктерге пана қылды... Өткен аптада көшіп келушілердің басым бөлігі Астана мен Алматыға, шекарадағы облыс орталықтарына орналасып жатыр. Онсыз да ішкі миграция салдарынан тұрғындардың саны күрт өскен үлкен қалаларымызға инфрақұрылымдық және әлеуметтік-экономикалық қысым артуда. Негізінен әскер жасындағы Ресей азаматтарының елімізге жаппай қоныс аударуы бүгінгі посткеңестік геосаяси жағдайда қатты алаңдатып отыр, - деді Дүйсембинов.
Сонымен қатар, депутат ресейліктер Қазақстан Конституциясы мен заңдарына қалтқысыз бағынуға, қазақ тілі мен салт-дәстүрін құрметтеуге міндетті екенін баса айтты.
Десе де, Берік Дүйсембинов миграциялық дағдарысты пайдаланып, ел ішінде іріткі салғысы келетіндер барын еске салды.
- Өкінішке қарай, Қазақстанның кейбір өңірлерінде арандату оқиғалары болып жатыр. Бұл деректер бойынша қылмыстық істер қозғап, арандатушылардың әрекеттерін жол бермей жатқан құзырлы мемлекеттік органдарға ризашылығымызды білдіреміз. Осыған байланысты сізден Қазақстанда қанша Ресей азаматы бар екенін анықтап, жауап беруіңізді сұраймыз, - деді ол.
Депутат Үкімет жедел түрде тиісті сақтық шараларын қабылдап, мүдделі мемлекеттік органдарға төмендегідей тапсырма беруі тиіс екенін атап өтті:
- Біріншіден, көшіп келушілердің Қазақстанда қалуға ниет білдірген азаматтары үшін; қалалар мен елді мекендерде бейімдеу орталықтарын ашып, бұл орталықтарда оларға Қазақстанның тарихымен, мәдениеті мен тұрмыс-салтымен, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен таныстыру, Қазақстан Конституциясы мен заңдарын түсіндіріп, құқықтық кеңес беру, қазақ тілі курстарын ашу және әрбір көшіп келген шетел азаматын бейімдеу орталығынан өтуді міндеттеу;
- Екіншіден, әрбір қоныс аударушының қос азаматтық фактісі бойынша тексеру және нәтижесі бойынша тиесілі құқықтық шара қолдану;
- Үшіншіден, ақпараттық қауіпсіздікті қатаң бақылап, яғни, әлеуметтік желілерге, келушілердің чаттарына контент сараптама (Facebook, Tik-Tok, Telegram, Instagram, Vkontakte и тағы басқа) мен мониторинг жүргізіп, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін және мемлекетіміздің жер тұтастығына, тәуелсіздігімізге күмән келтіретін жазбалардың авторларын ерекше қадағалауға алып, ондай іріткі салушыларды қатаң жауапкершілікке тартып, оларды елден шұғыл аластау қажет деп санайды.
Жаңалықтар
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
- Бектенов Тоқаевқа су тасқыны зардаптарын жою туралы баяндады
- Жыл басынан бері мемлекет пайдаланылмай жатқан 645 мың гектар жерді қайтарды
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды