Ресейліктердің Қазақстанға жаппай келуі тоқтады: көбі елден кете бастады

cover

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанға келген және елден кеткен Ресей азаматтарының саны туралы деректерді жаңартты.

Оның айтуынша, «бұрынғы жағдайға оралдық».

- Қазір Ресейден келген азаматтардың саны кетіп жатқандар санынан аз. Күн сайын 8-9 мың азамат келеді, 10-11 мың адам кетеді, - деді министр.

Министр Ресейден Қазақстанға қоныс аударғандардың да бар екенін қосты. Ахметжанов Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған әрбір адам заң аясында, сот шешімімен Қазақстан шекарасынан шығарылатынын айтты.

Бұған дейін Қазақстанға Ресейде ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін келген Түмен тұрғындарының жалға алудағы ақша тапшылығына байланысты олардың өз еліне оралып жатқаны хабарланған болатын.

5 қазанда Қазақстанға Ресейден 200 мың ресейлік келсе, сол уақытта 147 мыңы кеткен. Жалпы көші-қон сальдосы 53 мың адамды құрады.

Еске салсақ, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елдегі ішінара жұмылдыру туралы хабарлаған болатын.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жартылай жұмылдыру жарияланғаннан бері Қазақстанда 71 мың ресейлік ЖСН алғанын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар