Ресейге сенім жоқ: Зеленский тұтқындарды босату бейбітшілікке қадам екенін айтты

cover Telegram/Zelenskiy/Official

Зеленскийдің Киев Ресей тұтқындарын босатуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Зеленскийдің сөзінше, Ресей соғысты аяқтағысы келетіні туралы белгі беру керек. Ал тұтқындарды босату бейбітшілікке апаратын жолдардың бірі. Бұл туралы ол Киевте өтіп жатқан Украинаны қолдаудың халықаралық саммитінде айтты. 

«Соғысты аяқтау сенімді қадамдардан басталуы керек. Өйткені Ресейге сенім жоқ. Соғыстың аяқталуы туралы айтатын себеп керек. Шынайы жағдай керек. Енді мұндай қадамдардың бірі тұтқындарды босату болуы мүмкін. Ресейде ұсталған мыңдаған адамдар, оның кейбірі 2022-де ғана емес, 2014 жылдан да қамаудағы тұтқындар. Ресей украиндықтарды жіберуі керек. Украина барлық тұтқындарды ауыстыруға дайын», – деді Зеленский.

Ол соғысты тоқтату туралы келіссөздер Украина мен Еуропаның қатысуымен өтуі керек деді,  өйткені соғыс Украинаға қарсы жүргізіліп жатыр. Зеленскийдің пікірінше, Еуропа мен «еуропалық өмір салты» Ресейдің «стратегиялық нысаны».

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар