Ресейдің Курск облысында қатты дауыл соқты: зардап шеккендер бар

cover Фото: rian_ru / T.me

Ресей Федерациясының Курск облысында кешке қарай қатты дауыл соқты. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер бар.

Дауыл салдарынан 87 елді мекен жарықсыз қалды. Аймақ тұрғындары мұндай қатты дауылды алғаш көріп отыр.

Льгов қаласы мен Курскінің өзі қатты зардап шекті. Автотехникалық колледждің оқу корпустарының бірінде шатыры жұлынып, жатақхана ғимараты да зақымданған. Сынған терезелер бар.

Студент терезе сынығынан зардап шегіп, қайтыс болды. Тағы бір марқұм құлаған ағаштың астынан табылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар