«Ресейден үлгі алу, Түркияға арыз жазу»: Ақтөбедегі жедел жәрдем қызметінің жүргізушілері жалақы көтеруді талап етті
Фото: Ардақ Ерубай
Ақтөбеде жедел жәрдем қызметінің жүргізушілері жалақы көтеруді сұрайды. Қазақстан президентінен көмек сұраған наразы тарап 15 ақпанға дейін мәселе шешілмесе жұмысты тоқтататынын айтып талап қойды.
«Мәселе 10 күн ішінде шешілмесе ел президентіне видео үндеу жолдаймыз. Заң кепілі ретінде бізге бір шара қарау керек. Себебі басшыларымыз тәртіп бойынша жалақы көтеру заңсыз деп тұр. Олар 1,23 пайыздан артық көтере алмайтындарын алға тартады» дейді жүргізуші Арман Құлымбаев.
Он жылдан бері жалақы көтеру мәселесі жыр болып келе жатқанын айтқан жедел жәрдем қызметінің жүргізушілер демалыс күні қосымша жұмысқа шығуға мәжбүр.
«Менің жалақым аз. 90 мың теңгеге отбасымды асырау мүмкін емес. Өткен жылы балама той жасадым, несие алдым. Әр адамның өз проблемасы жетеді. Сондықтан «қосымша табыс болсын» деп демалған күні қаладағы №21 бағыттағы автобус жүргізушісі болып шығамын» дейді жүргізуші Бауыржан Исмайлов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы президентке жазылған хаттан кейін ғана жүргізушілердің алдына келді. Мәселені шешуге тағы да уәде берді.
«Жүргізушілер ел президентіне сұрақтары шешілмесе 15 ақпан күні жұмысты тоқтататындары туралы айтып, хат жазған. Келісімге келдік, жұмыс тоқтаған жоқ. Денсаулық сақтау басқармасы, кәсіподақ ұйымы және жүргізушілердің өкілдер арқылы комиссия құрамы жасалады. Жалақы өсіруге жұмыс істейміз. Комиссия он күн ішінде қарайды» деді жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Марат Жанқұлов.
Жүргізушілер коронавирус кезінде берілген үстемақы жүйесінің әлі күнге дұрыс төленбагенін, алалаушылық болғанын айтты. Сонымен қатар, өздерін ресейлік әріптестерімен салыстырды.
«Бізді төтенше жағдай қызметімен теңестіруді сұраймыз. Біз де олар секілді митингтер мен барлық оқыс оқиғалардың барлығына қатысамыз. Мәселен, Ресей президенті Путин жүргізушілерге қалай көңіл бөліп отырғанын қараңыз. Бригаданың уақытында жеткізуге жүргізушілер жауапты. Ресейде жүргізушілер жалақысы көтеріліп жатыр. Неге бізде бұл мәселе қаралмайды?» дейді жүргізушілер.
«ТҮРІК ПРЕЗИДЕНТІНЕ АРЫЗ ЖАЗУ КЕРЕК»
Осыған дейін Түрік инвесторларының меншігінде болған Ақтөбе облыстық жедел жәрдем қызметі қаңтар айынан бастап мемлекеттік мекемелер қатарына кірді. Қазір онда 216 жүргізуші бар. Жүргізушілердің алдына келген денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Қайрат Сабыр жиналғандарды Түркия президентіне арыз жазуға кеңес берді.

«Түрік президентіне арыз жазу керек. Бізге келген түрік инвесторлары ұялсын. Бірнеше рет айттық. Жедел жәрдем қызметін жекенің қолына, оның ішінде шетелдік компанияға беру қате болды. Олар бізбен ұжымдық келісімшарт та жасаған жоқ. Осыған қатысты бірнеше рет кездесулер болды. Нәтиже болған жоқ» деді Қайрат Сабыр.
Жүргізушілер төраға ұсынысы қисынсыз екенін атады.
«Біз Қазақстанның ішінде шеше алмай жатқан хатты Турцияға қалай жеткіземіз. Даусымызды ел билігі естісін» деді жиналғандар.
Жедел жәрдем қызметінің жүргізушілері он күннен кейін мәселені қайта көтеретіндерін айтып тарасты.
Авторы: Ардақ Ерубай
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық