Референдум өткізуге үкімет резервінен шамамен 21 млрд теңге бөлінді

cover Фото: ОҚК

Конституция бойынша референдум өткізуге Үкімет резервінен шамамен 21 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Orda.kz. 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 ақпандағы №88 қаулысымен республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 20 777,5 млн теңге бөлінді. Оның ішінде: 20 653,9 млн теңге Орталық сайлау комиссиясына (шығындардың негізгі бөлігі – 15 698 млн теңге немесе 75% барлық деңгейдегі референдум комиссияларының 71 044 мүшесінің еңбекақысын төлеуге; 4 956 млн теңге немесе 25% ұйымдастыру іс-шараларына (ақпараттық сүйемелдеу, полиграфиялық және баспа өнімдері, барлық деңгейдегі комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету)); 123,6 млн теңге Сыртқы істер министрлігіне (62 елдегі 80 шетелдік сайлау учаскесіне қызметкерлерді іссапарға жіберуге) бөлінді»,  деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі баспасөз қызметі. 

Ведомство референдумға қатысты іс-шараларды қаржыландыруға және өзге де қамтамасыз етуге халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктердің, шетелдік мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар мен азаматтардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың тікелей немесе жанама түрде қандай да бір қатысуына тыйым салынатыны атап өтті.

Еске салайық, Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдум 15 наурызда өтеді. Мемлекет басшысы 2026 жылы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар