Қостанай облысының мектептеріне 23,5 млн теңге айыппұл салынды

cover

Облыстың әрбір екінші білім беру мекемесінде жоспардан тыс тексерулер барысында санитарлық-эпидемиологиялық заң бұзушылықтар анықталды. Қостанай облысының мектептерін тексеру қорытындысы бойынша 23,5 млн теңгеге айыппұл салынған. Бұл туралы өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

«Өткен оқу жылында ерекше тәртіп бойынша 276 тексеру жүргізілді. Заң бұзушылықтар әрбір екінші объектіде анықталды. Ал бұл 179 мектеп. Сәйкессіздіктер 12 ғимаратта тіркелген. 200 айыппұл салынды, тағы тоғыз материал сот органдарына жіберілді. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы 169 ұйғарым берілді. 41 адам медициналық тексеруден өту үшін жұмыстан уақытша шеттетілді» - деп хабарлайды бақылау департаменті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар