Қазақстанда көмірді автомобильмен экспорттауға тыйым салынды

cover фото: pixabay

Қазақстанда көмірді автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 514 бұйрығымен республикадан автомобиль көлігімен көмір экспортына шектеу қойылды» делінген хабарламада.

Тыйым қатты отынды қайта сату үшін көрші елдерге экспорттау фактілеріне байланысты уақытша енгізіліп отыр.

«Шешім 2022-2023 жылдарға арналған жылу беру маусымының мақсаттарына қол жеткізу үшін көмір кеніштерімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп әзірленді және халық пен бюджеттік сектор тарапынан белсенді сұраныс кезеңінде көмір тапшылығын болдырмауға бағытталған» делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар