Қазақстан армиясын Ұлттық қордан қаржыландыру керек - Марғұлан Сейсембаев

cover Фото: margulan.info

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев Қазақстан армиясының жағдайы туралы және еліміздің қорғаныс қабілетін қалай арттыруға болатынын айтты.

Сейсембаев Қазақстан мен Украинаның әскери бюджетін салыстырып, біздің елде іс жүзінде армия жоқ екенін айтты.

Украинаның соғысқа дейінгі бюджеті 4,5-4,7 млрд доллар болды. Агрессия басталғаннан кейін тамыз айындағы мәліметтерді қарасаңыз, Украинаның бюджеті ай сайын 4,5-4,7 млрд долларды құрайды. Яғни, әскери бюджет он есе өсті. Енді Қазақстанның әскери бюджетін алайық. Тек күлмеңіздер, өтінемін. Бізде барлығы 39 мың қарулы күш бар. 39 мың деген Қапшағайдағы (Қонаев қаласы) халық санынан аз. Біздің әскери бюджет 2,6 млрд долларды құрайды, оның ішінде миллиардтары тек техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатынына сенімдімін – дизельдік отын, жанар-жағармай, сырлау, еңбекақы т.б. Шын мәнінде, бізде армия жоқ- , деді ол кездесуде.

Кәсіпкердің айтуынша, қару-жарақ өндірушілер қаржыландырусыз және назардан тыс қалып жатқанда, елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы туралы айтуға болмайды.

«Өз әскеріңді асырағың келмесе, өзгенің әскерін асырайсың» деген ескі қағида бар. Мемлекеттігімізді жоғалтсақ, Ұлттық қор бізге не үшін қажет, мемлекеттігімізді жоғалтсақ, біздің ұлттық қор түкке тұрғысыз деген сөз. Егер, Құдай сақтасын, әскери қақтығыс болса, сол Ұлттық қорды асығыс өртей бастаймыз, бірақ ол кезде бәрі бізге қымбатырақ, тиімсіз және басқалай болады» деп қосты спикер.

Сейсембаев егер Қазақстан әскери қақтығысқа тап болса, Түркиядан басқа ешбір мемлекет бізге көмек көрсетпейді және қару-жарақ жеткізбейді деп атап өтті. Ол Қазақстанның әскери бюджетін Ұлттық қордан қаржыландыру есебінен ұлғайту қажет екеніне сенімді.

Әскери бюджетті түбегейлі ұлғайтып, ұлттық қордан ақша алу керек деп есептеймін. Ұлттық қордан түсетін ақшаны қорғаныс қабілетін нығайтуға жұмсауға бірде-бір қазақстандық қарсы болмайтынына сенімдімін» деді Сейсембаев.

Еске салсақ, бұған дейін Марғұлан Сейсембаев Қазақстанның ЕАЭО-дан шығуы қажет екенін айтты. Өйткені оның пікірінше, Ресей бұл одақта негізгі бенефициар болып табылады және бұл Қазақстанға жақсылық әкелмейді.

Бұған дейін Батыс баспасөзі Қазақстанның «орыс әлемінен» алыстап, қорғанысын нығайтып жатқанын жазған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар