Qarakesek атымен танылған рэперге сот үкімі шықты
Фото: instagram.com/qarakesek_west
Ақтөбеде Qarakesek атымен танылған Омар Амантаевқа қатысты сот үкімі жарияланды. Рэпер сот барысында есірткіні заңсыз сақтағанын толық мойындады. Сот отырысына келмегендіктен, кеше оны полиция қызметкерлері мәжбүрлі түрде жеткізгені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қаласының № 2 соты Амантаевты психотроптық заттарды сату мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалып, психиатрдың бақылауында мәжбүрлі ем қабылдау міндеттелді. Сонымен қатар, оны бақылау қызметі есепке алды. Егер белгіленген қоғамдық жұмыстардан жалтарса, өтелмеген уақыт қамауға алу жазасына ауыстырылуы мүмкін.
Өткен жылдың тамыз айында рэпер есірткі қолданып алып, көлік жүргізіп жүрген жерінен ұсталған. Сол кезде оны 15 тәулікке қамап, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырған. Тексеру барысында оның жанынан 0,26 грамм мефедрон табылып, сараптама бұл заттың есірткі екенін растаған.
Сотта Омар Амантаев шамамен бір жылдан бері есірткі қолданатынын және емделетін ниеті бар екенін айтты.
«Кінәмді толық мойындаймын, айыптаумен келісемін. Синтетикалық затты тауып алдым, сату ойымда болған жоқ», – деді ол.
Прокурордың «Бұл заттың синтетикалық екенін қалай білдіңіз?» деген сұрағына ол «Білемін, көргенмін» деп жауап берген.
31 жастағы Омар Амантаев Батыс Қазақстан облысының тумасы. Үйленген, төрт баласы бар.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- Қазақстандық Qarakesek атты рэпер есірткіге мас күйі ұсталды
- Репер Qarakesek 7 жылға автокөлік жүргізу құқығынан айырылды
- Алматыда республика тарихында ең алғаш рет ірі кокаин есірткісі тәркіленді
Жаңалықтар
- Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін тағы мәлімдеді
- Перизат Қайраттың тағы бір көлігі мемлекет меншігіне өтті
- Такер Карлсон: «Сен кімсің, Трамп? Өзіңді Құдаймын деп ойлайсың ба?»
- Жезқазғанда «өрмекші адам»: Терезеден түспек болған ер адамды полиция әрең құтқарды
- 500 миллионнан аса заңсыз табыс: NBC TV қаржы пирамидасын тергеу ісі аяқталды
- АҚШ пен Израиль Иранның басты мұнай аралын атқылады
- Павлодарда жүргізушіні ұстаған видео дау тудырды
- «Сабырымыз шегіне жетті»: ИРСК АҚШ пен серіктес елдерге шүйлікті
- Стамбұлда Израиль консулдығы маңында атыс болды: Қаза тапқандар бар
- Түркістан облысында бірнеше полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- Астанада 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
- Германияда қымыз ең жиіркенішті тағамдар музейіне тап болды
- Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды
- Еліміздің барлық өңірінде су тасқыны қаупі сейілді ме?
- Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылып, 1,7 млн теңге айыппұл төледі
- Иранның жоғарғы жетекшісі ес-түссіз жатыр — The Times
- Дрондар Солтүстік Корея шекарасын кесіп өтті: Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің кешірімін қабылдады
- Иран билікке қарсы тұлғаларға қатысты үкімді жеделдетпек
- Тоқаев Вьетнамның жаңа сайланған президентін құттықтады