Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

cover Фото: ашық дереккөзден

Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 қазанға дейін ұзартылды.

«Алматы ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, сот шешімімен Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 6 айға, 2022 жылдың 21 қазанына дейін ұзарту туралы арыз қанағаттандырылды» делінген хабарламада. 

Еске салсақ, Қайрат Құдайбергенге  жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысты деген күдікке ілініп, 2022 жылдың 21 сәуірінде Бас прокуратураның арнайы прокурорлары басшылығымен қамауға алынған. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар