ПТР-анықтамасынсыз 78 әуе жолаушысы ұшып келді

cover

Ақтау қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Қырғызстан азаматы депортацияланды, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі.

2020 жылғы 21 желтоқсанында елімізге Индонезия, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан жеті халықаралық әуе рейсі келді.

799 әуе жолаушыларының 721 адамда ПТР-тесті бар, анықтамасыз 78 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы әуежайына – 2 рейс, 323 жолаушы, анықтамамен - 297, анықтамасыз - 26;

Нұр-Сұлтан әуежайына – 2 рейс, 187 жолаушы, анықтамамен - 174; анықтамасыз - 13;

Атырау әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы, анықтамамен - 116; анықтамасыз - 34;

Ақтау әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 133; анықтамасыз - 5;

Қарағанды әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келгендер COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар