«Психоактивті зат қолданған»: Әнші Ерболат Құдайберген 15 күнге оқшауланды
Фото: Бейнеден кадр
Өткен аптада «Мен қазақпын» әнінің орындаушысы Ерболат Құдайберген ұсталды деген ақпарат әлеуметтік желіде желдей есті. Полиция әншінің медициналық мекемеге орналастырылғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласы ПД ер адамға қатысты шағым көршілерінен түскенін мәлімдеді.
Полицияның мәліметінше, көпқабатты үй тұрғыны көршісінің ашуға булығып, қоғамдық тәртіпті бұзып жатқанын айтқан. Учаскелік инспектор оқиға орнына дереу барған. Ер адамның беймазалық танытып, айналасындағылардың мазасын алғаны расталды. Полиция оны медициналық куәландыруға жіберген. Сараптама нәтижесі бойынша, азаматтың бұл күйге түсуіне психоактивті заттардың әсері болғаны анықталды.
Полиция мәліметінше, әнші 15 тәулікке арнайы медициналық мекемеге орналастырылды. Сонымен қатар, ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Полиция өкілдері ер адамның бұған дейін де қоғамдық тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын растады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Ақтөбеде прокурор ұсталды: Тергеу жүріп жатыр
- Қамшыбек Ташиевтің сыныптасы министрліктегі жылы орнын босатты
- FlyArystan компаниясының басшысы ауысады
- Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы терезеден құлады
- Олимпиада-2026: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты
- «Психоактивті зат қолданған»: Әнші Ерболат Құдайберген 15 күнге оқшауланды
- Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау жеделхатын жолдады
- Әлеуметтік желіде құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
- Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
- «Рұқсатсыз дәретханаға кеткен»: Алматы облысында мұғалім оқушысын сотқа берді
- «Дәріні аузыма тығамыз деді». 4 баланың анасын күйеуі жындыханаға жатқызған
- Өзбекстан президенті педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынысын қолдады
- ШҚО әкімінің орынбасарына қатысты тергеу туралы ақпаратты ҰҚК растады
- Олимпиада-2026: 12-ші жарыс күнінде қай спортшыларымыз өнер көрсетеді
- Қостанай облысының әкімі ұсталған орынбасары туралы пікір білдірді
- Таразда аялдамада тұрған мектеп оқушысын белгісіз біреулер ұрлап әкетпек болған
- Түркістанда сау әйелін психиатриялық стационарға күштеп жатқызған ер адам достарымен бірге сотталды
- «Үш жылда 30 млн таптым»: Ауруханадағы жұмысын тастап Кореяға кеткен қазақтар
- Жетісу облысында кішкентай баласын өлімші етіп сабаған әйел мәжбүрлі түрде емделеді
- Енді ХҚКО-дан құжаттарды постамат арқылы кез келген уақытта алуға болады