Президенттен көмек сұраған бас дәрігер «мен түсінбеппін» деп тағы бір видео жариялады

cover

Негізсіз қудаланып жүргенін айтып президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұраған Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері, трансплантолог Абылай Донбай Facebook парақшасында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтің үстінен шағымданғанын түсінбестік деп мәлімдеді.

– Кешегі видеоға байланысты пікірімді білдіргім келеді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековпен сөйлестік. Мен жақтан көп түсінбеушілік, қызбашылық болған. Заң аясында бәрін қарадық. Арамызда түсінбеген нәрселердің бәрін жойдық, - деген Донбай.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Донбай мен Асылбеков бітімгершілікке келгенін, аурухана жұмысын тоқтатпағанын хабарлады.

17 қазан күні Донбай екі айдан бері негізсіз қудалауға түскенін, негізсіз арыз ұйымдастырғанына шағынып, президенке араша сұрап үндеу жасаған. Мұны басқарма жоққа шығарған.

2019 жылы Донбай өзі басқарып отырған ауруханада Өзбекстан, Қырғызстан және Украина азаматтарының бүйрегін алып, Израиль азаматтарына заңсыз салған деген күдікке ілініп қамалғанымен, бір жылдан соң сот оны ақтап шыққан.

Бас дәрігер 18 жылдан бері денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді. 90-ға жуық бүйрек және 30-ға жуық бауыр алмастыру отасын жасаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар