Президент Astana Team балалар хоккей құрамасын құттықтады

cover Фото: Ақорда

Президент Astana Team балалар хоккей құрамасын Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турнирінде топ жаруымен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың бұл сенсациялық жеңісі ел спорты тарихындағы маңызды әрі жарқын жетістік екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев финалда хоккейдің отаны саналатын Канада өкілдерінен басым түскен жас спортшылардың жоғары шеберлігі мен қайсар рухына ризашылығын білдірді.

Президент өрендерімізге алдағы уақытта да тынымсыз еңбектеніп, шеберліктерін шыңдай түсіп, жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік танытты.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар