Полиция қызметкері үйіне қайтып бара жатқан жерде көз жұмды

cover

Алматы полиция департаментінің қызметкері жол көлік апатына ұшырап, мерт болды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Екі көліктің соқтығысуы 19 мамырда сағат 09:00 шамасында Көлді-Жалпақсай тас жолында (Алматы облысы Қарасай ауданы) орын алды.

Mazda-626 автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Ол жерде Алматы қаласы патрульдік полициясының инспекторы, 1999 жылы туған Қалымов Надир тізгіндеген Lada Granta көлігі келе жатқан.

– Салдарынан Lada Granta көлігі жолдың шетіндегі ағашқа соғылған. Полиция кіші сержанты Н. Қалымов түнгі ауысымнан үйге қайтып келе жатқан. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Mazda-626 көлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Қарасай ауданының полициясы жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тергеу жүргізуде.

Надир Қалымов ішкі істер органдарында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. Оның артында анасы мен жүкті әйелі қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар