Полицейлердің жалақысы қаншаға көтеріледі? - министр жауап берді

cover

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда полиция қызметкерлерінің жалақысы қаншаға көтерілетінін айтты.

– Біз жалақының өте төмен екенін айтқымыз келді. Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз 2019 жылдан бастап жалақыны кезең-кезеңімен көтеріп жатырмыз, 2023 жылға дейін қызметкерлердің жалақысын 50 пайыздан 90 пайызға дейін көтереміз. Сержанттың жалақысы 81 мыңнан 101 мың теңгеге дейін, лейтенанттың жалақысы 130 мыңнан 174 мың теңгеге дейін өседі, - деді Тұрғымбаев Мәжіліс отырысында.

Еске салсақ, бұған дейін 2020 жылы қазанда Тоқаев үш жыл ішінде полиция қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға көтеруді тапсырған.

Ал 2021 жылдың тамыз айында президент былай деген:

– Бұл мақсатқа 100 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Ұлттық ұлан сарбаздарының айлық жалақысы кезең-кезеңімен өсіп келеді. 2021-2023 жылдары ол офицерлер үшін 70%-ға, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін 60%-ға жуық өседі. 2024 жылдың соңына дейін арнайы жасақта қызмет ететін барлық келісімшарт бойынша сарбаздар офицерлік шен алады. Тұрғын үйге жыл сайын қомақты қаржы жұмсалады. Бүгінде 24 мың полиция қызметкері мен 13,5 мыңнан астам әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзететіндерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету қашанда мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі болып қала бермек, - деді Тоқаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар