Павлодарда ер адам мас күйінде темекі шегіп, үйді өртеп жіберген

cover

Павлодар облысында ер адам отқа оранған үйден көршісін алып шықты, деп хабарлайды ORDA Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Успен ауданының №17 өрт сөндіру бөліміне Успен ауылының Милевск көшесіндегі тұрғын үйдің жанғаны туралы хабар келіп жеткен. Түнгі сағат 01:10-де орын алған өртке үй иесінің мас күйінде төсекте темекі шегуі себеп болған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен адамды Успен аудандық ауруханасына жеңіл дәрежедегі жану өнімдерімен улану диагнозымен жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Шақыру орнына келгеннен кейін жеке тұрған екі бөлмелі саманнан жасалған үйде жиһаз, үй заттары, ағаш терезелер, есіктер және жалпы 40 шаршы метр аумақта жартылай ағаш шатыр құрылымдары жанып жатқаны анықталды.

Көршісі ҚАЖД пробация қызметінің инспекторы Төлеген Нұржан үй иесін 1966 жылы туған ер адамды далаға шығарып үлгерген. Ол мас болған», - деді департаментте.

Өрт сөндіруші Расул Қазбеков үйден сыйымдылығы 27 литр бір газ баллонын алып шыққан.

Өртті сөндіруге төрт адам және екі техника жұмылдырылып, 02 сағат 48 минутта өртті ауыздықтаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар