Павлодар: Су құбырына бөлінген бюджеттің 1,2 млрд теңгесін қолды етуші ұсталды

cover

Тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр.

Павлодарда экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері сумен жабдықтау жүйесін салуға бөлінген 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Павлодардың мамандандырылған тергеу соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - деп хабарлады Комитет.

Тергеудің басқа мәліметтері жария етілмеді. Тергеушілер ұрлыққа қатысы бар басқа адамдардың жағдайларын анықтайды.

«Күдіктінің іс-әрекеттері Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» жазалануы мүмкін», - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар