Павлодар облысында жол апатынан екі бала қаза тапты

cover Фото: agroqogam.kz

Павлодар облысында автобус арыққа соғылып, салдарынан екі бала қаза тапты.

Астанадан Өскеменге бет алған автобус Қалқаман маңында арыққа соғылған. 19 қыркүйек күні түнгі сағат бір жарым шамасында жедел жәрдемге қоңырау түсті, деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының бір бригадасы аттанды.

«Өкінішке қарай, дәрігерлер келгенше 6 және 14 жастағы екі бала қайтыс болды. Зардап шеккен тағы 9 адамға – бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында жедел көмек көрсетілді» делінген хабарламада.

Жарақат алған балалар облыстық балалар ауруханасына, ересектер №1 Павлодар қалалық ауруханаға жіберілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар