Пәкістандағы Хеменеи жақтастары БҰҰ ғимаратын өртеп, АҚШ консулдығына шабуыл жасады, қаза тапқандар бар

cover Фото: Әлеуметтік желіден

Пәкістанның Қарачи қаласында қолдарына таяқ ұстап, таспен қаруланған топ АҚШ консулдығына шабуыл жасады. Оларға қарсы оқ атылып, салдарынан бірнеше адам қаза тапты, жараланғандар да бар, деп хабарлайды  Orda.kz Asianet News басылымына сілтеме жасап.

Жексенбі күні Қарачиде тәртіпсіздік басталды. Тас пен таяқ ұстаған топ АҚШ консулдығына шабуыл жасап, ғимараттың терезелері мен есіктерін сындырған, сондай-ақ күзет бекетін өртеген.

«Куәгерлердің айтуынша, жергілікті қауіпсіздік күштері, оның ішінде пәкістандық әскери қызметшілер тәртіпсіздікті басу үшін оқ атқан. Алдын ала мәлімет бойынша, сегіз шабуылдаушы қаза тапқан, АҚШ консулдығының үш қызметкері жараланған» деп жазды басылым. 

Консулдыққа жасалған шабуылдың видеосы әлеуметтік желілерде таралуда. Кейбір дереккөздер кемінде 10 адам қаза тапқанын хабарлайды.

Сонымен қатар Пәкістанның Скарду қаласында Хеменеи жақтастары Біріккен ұлттар ұйымы ғимаратын өртеп жібепргені туралы да хабар тарады. 

Полиция мен құқық қорғау органдары одан әрі зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аталған аумақта қауіпсіздік шараларын күшейткен.

Пәкістанның Синд провинциясының ішкі істер министрі мәлімдемесінде ешкімге заңды өз қолына алуға жол берілмейтінін айтты.

Бұған дейін Иран билігі жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеидің қайтыс болғанын растағанын, сондай-ақ әскери басшылық құрамында елеулі шығындар бар екенін хабарлаған еді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар