Өз әкесін азаптаған тұрғынның жазасы қатаңдады
Фото: Бейнеден кадр
Түркістан облысы Жетісай ауданында бүгін, 31 наурызда Алмас Садақбаевқа қатысты апелляциялық соттың соңғы отырысы болды. Сөйтіп, сот алқалары шардаралық асабаға қатысты жазаны күшейтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін 5 жылға бас бостандығынан айырылған ер адамға фемида өкілдері бас бостандығынан айыру мерзімін 7 жылға ұзартты. Судьялар Садақбаевтың ауру әкесін жиі азаптағанын, қылмысының ауырлығын ескеріп, осындай шешімге келген.
Еске салайық, былтыр қыркүйек айында желіде Шардарадағы Қоссейіт ауылында түсірілген жантүршігерлік кадрлар тараған еді.
Онда атпалдай азаматтың дімкәс ақсақалды сүйреп жүріп, азаптағаны көрінеді. Аузына келгенін айтып, қорғансыз қарияны қорлаған өзге емес өз перзенті. Таяқтың астында қалған қарт тұрғын көп ұзамай көз жұмды. Қарияның қазасынан кейін қатігез ұлы қамауға алынды.
Алғашқы сотта оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталушы сот шешіміне келіспейтінін айтып, апелляцияға беремін деген еді.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы. Түркістан облысы
Оқи отырыңыз:
- Әкесін «ұрып өлтірген» ер адамға қатысты Түркістан облысының бас имамы мәлімдеме жасады
- Түркістан облысында ұлы сабаған ер адамның мәйіті эксгумацияланды
- Әкесін соққыға жығып өлтірген кісінің әйеліне де қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
- Өз әкесін азаптаған тұрғынның жазасы қатаңдады
- Прокурорлар Жақсылық Омарға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақтөбеде ер адам өз үйіне түскен ұрыны өзі ұстап алды
- «Болашақ» бағдарламасында қандай өзгерістер болады? Саясат Нұрбек жауап берді
- Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды
- Боқаевтың жақтастары оған қатысты істі тікелей эфирде ашық түрде қарауды талап етті
- Тоқаев Ресейдің жетекші мыс өндіретін компания басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
- Қаныш Сәтбаев: халқым менен де биік. Қазақстандағы қазбалы байлықтың ғылыми жүйесін құрған ғалым
- Сағын сындыру үшін жасалған әрекет: Заңгер Әділетхан Молдаханның інісі мәлімдеме жасады
- Жетісулықтар тағы бір жер асты дүмпуін сезді
- Бес әнімнің ақысын бермеді деген композиторға әншінің өзі арыз жазды
- Ұсталған Әділетхан Молдахан туралы не белгілі?
- Сәуірден бастап бақылау күшейеді: аударымдар да назарда
- Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады
- Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
- Жетісу облысында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды
- Алматыда әр бесінші мопед тіркелген: Курьерлік қызметтер мотокөлікті көбейтіп жіберді
- Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды