Өз әкесін азаптаған Алмас Садақбаевтың жазасы қатаңдады

cover Фото: Бейнеден кадр

Түркістан облысы Жетісай ауданында бүгін, 31 наурызда Алмас Садақбаевқа қатысты апелляциялық соттың соңғы отырысы болды. Сөйтіп, сот алқалары шардаралық асабаға қатысты жазаны күшейтті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұған дейін 5 жылға бас бостандығынан айырылған ер адамға фемида өкілдері бас бостандығынан айыру мерзімін 7 жылға ұзартты. Судьялар Садақбаевтың ауру әкесін жиі азаптағанын, қылмысының ауырлығын ескеріп, осындай шешімге келген. 

Еске салайық, былтыр қыркүйек айында желіде Шардарадағы Қоссейіт ауылында түсірілген жантүршігерлік кадрлар тараған еді.

Онда атпалдай азаматтың дімкәс ақсақалды сүйреп жүріп, азаптағаны көрінеді. Аузына келгенін айтып, қорғансыз қарияны қорлаған өзге емес өз перзенті. Таяқтың астында қалған қарт тұрғын көп ұзамай көз жұмды. Қарияның қазасынан кейін қатігез ұлы қамауға алынды.

Алғашқы сотта оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталушы сот шешіміне келіспейтінін айтып, апелляцияға беремін деген еді.

Авторы: Назерке Еркінбекқызы. Түркістан облысы

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар