Өтеген батыр ауылында референдумға дауыс беріліп жатыр, бірақ кейбір тұрғындар қиындыққа тап болды

cover

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылындағы №350 сайлау учаскесінде кезекті референдумға дауыс беру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Байқаушылардың айтуынша, №349 учаскемен салыстырғанда бұл жерде сайлаушылардың белсенділігі біршама төмен. Соған қарамастан тұрғындар учаскеге келіп, дауыс беруге қатысып жатыр.

Осы ауылдағы 349 учаскеде 1328 тұрғын тіркелген. Қызметкерлердің айтуынша, халық түгелдей келіп дауыс береді. Ал 350 учаскеде 1919 тұрғын тіркелген. 

Ұйымдастырушылар тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлауға тырысуда. Дауыс беруге келген қарияларға шағын сыйлық ретінде бет орамал таратылып жатыр.

Сонымен қатар, қай учаскеде дауыс беруі керектігін білмей келген тұрғындарға да көмек көрсетілуде. Учаске қызметкерлері азаматтардың деректерін тексеріп, онлайн жүйе арқылы олардың тіркелген сайлау учаскесінің мекенжайын анықтап беріп жатыр.

Алайда кейбір ауыл тұрғындары дауыс беру кезінде белгілі бір қолайсыздықтар бар екенін жасырмады. Олардың айтуынша, кейбір азаматтар Өтеген батыр ауылында тұрғанымен, тіркеуі қалада болғандықтан, дауыс беру үшін қаладағы өз учаскесіне баруға мәжбүр.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар