Отандық QazCovid-In вакцинасын бірінші болып Алексей Цой салдырды

cover

Қазақстандық QazCovid-In вакцинасын алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алды. Оның екпе алу сәтін «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цойдың отандық QAZVAC вакцинасын коронавирусқа қарсы егетінін хабарлаған. Ол №9 емханада өзіне отандық екпе салдырды. Процедура тікелей эфирде көрсетілді.

Қазақстанда 26 сәуірде коронавирустық инфекцияға қарсы отандық QazCovid-in препаратымен (QAZVAC) вакциналау басталады. Вакцина биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты базасында шығарылды. Оның 50 мың дозасы еліміздің аймақтарында таратылады.

Вакцинадан кейін министр Алексей Цойға Ержан Біртанов туралы: сот Біртановтың үйден шығуына және жұмыс істеуіне рұқсат берді, сондықтан енді экс-министр Денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа қабылдана ма? - деген сұрақ қойылды.

– Қазіргі уақытта бізге де осы ақпарат жетті. Біздің білуімізше, ол коммерциялық құрылымда жұмыс істейді, - деп жауап берді Алексей Цой.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар