Қостанай: 5-сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден төрт баланы алып шықты
Қостанайда мектеп оқушысы өртке оранған балаларды құтқарып қалды. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратпен бөлісті.
«101» пультіне «Бағбан» аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 11:36-да түскен. Куәгер саяжайдың өртеніп жатқанын айтқан. Өрт сөндірушілер жеткенше алты адам тұрған тұрғын үйдің 60 шаршы метр аумағын өрт шарпыған.
– Қостанай қаласындағы №22 орта мектептің 5-сынып оқушысы Олег Пирог көшеде ойнап жүріп, көрші саяжайдан қою түтін шыққанын білген. Бұл үйде көп балалы отбасы мен кәмелетке толмаған балалары тұрған. Қыз сегіз жаста, ал ең кішісі небәрі екі жаста. Өрт сөндірушілердің келуін күтпестен, түтін басқан бөлмеге терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тігіп, төрт баланы бірінен соң бірі көшеге алып шыққан. Ол кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарылған балалар ата-аналары келгенге дейін көршілерімен бірге болған. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын шығарды. Өрт 12:07-де оқшауланып, көрші саяжайларға таралу қаупі жойылды.
Болжам бойынша, өрттің шығуына пештің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған.
Жаңалықтар
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
- Бектенов Тоқаевқа су тасқыны зардаптарын жою туралы баяндады
- Жыл басынан бері мемлекет пайдаланылмай жатқан 645 мың гектар жерді қайтарды
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды