Өскеменде автобус жүргізушісі рөлде отырып жан тапсырды
Фото: Pexels
Өскемен қаласында жолаушылар автобусын тізгіндеген жүргізуші жолда келе жатып қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға автобус Бажов көшесімен жүріп келе жатқан сәтте болған.
Автобус жүргізіп келе жатып, 57 жастағы жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Оны көрген екінші жүргізуші дереу жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда, дәрігерлер келгенге дейін ер адам қайтыс болды.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған. Жолаушылардың айтуынша, жүргізуші жолға шығар алдын өзін жайсыз сезінгенін айтып, бұрын жүрегіне ота жасалғанын ескерткен.
Айта кетейік, Спорт министрлігі Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді.
Жаңалықтар
- Иран «өзін қорғауға заңды құқығы» бар екенін мәлімдеді
- Ирандағы шабуыл салдарынан қаза тапқандар белгілі болды
- Қазақстан авиациялық әкімшілігі: Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіндегі ұшулар тоқтады
- Тоқаев Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шаралары бойынша тапсырма берді
- Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс нөмірлері
- Иран Бахрейн, БАӘ, Катар және Кувейттегі Израиль мен америкалық базаларға жауапты соққы жасады
- Бас прокуратура интернет-алаяқтардың шабуылы күшейгенін ескертті
- Қазақстанда Ирандағы соғысқа байланысты бірқатар әуе рейстері тоқтады
- 28 ақпан – Сирек аурулардың халықаралық күні: ДСМ былтыр 175,4 млрд теңге бөлді
- Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасады
- Трамп: Иран зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандаймыз
- Иранға шабуыл: Қазір не белгілі
- Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді
- Израиль Иранға қарсы соғыс бастады
- Израильдің бүкіл аумағында дабыл қосылды
- Иран барлық байытылған уран қорынан бас тартуға келісті
- Атырауда енесін пышақтап тастаған әйел сотталмады
- Ақмола облысында балық қырылды, спирт зауытына айыппұл салынды
- Қазақстан мен тағы бірнеше ел Ираннан өз дипломаттары мен азаматтарын кетуге үндеді
- Павлодарда студент өзін пышақтап тастады